Тау тұлғаның тағылымдық жолы

10.09.2024 Выкл. Автор editor
Тау тұлғаның тағылымдық жолы

2024 жылдың 10 қыркүйек  күні  мемлекет және қоғам  қайраткері, белгілі ақын, публицист, ғалым Сұлтанбек Қожановтың  130 жылдық мерейтойына орай Бірлік ауылдық кітапханасында Сұлтанбек Қожанов атындағы  N55 мектептің мұғалімі Шертай Балнұрмен бірлесіп «Тау тұлғаның тағылымдық жолы» атты танымдық кеш өткізілді.

Мақсаты: Алаш арысының   өнегелі өмірі мен күреске толы ерлік жолы, шығармашылығы, қоғамдағы қызметі, алуан саладағы өшпес іздері жайлы толық мағлұмат беру.

Кеш барысында С.Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар берілді. Іс-шараны Ә.Мәжит пен Ш.Тәңірберген жүргізді. Кітапханшы К.Сұлтанбаева көпшілікті «Ұлт жанашыры» атты кітап көрмесімен таныстырып, шараны ашып берді.  130 жылдығына орай жарық көрген  «Қожановтану әлемі» кітабы мен «Рух» атты көркем публицистикалық журнал оқырман қауымның ерекше қызығушылығын туғызды. Ш.Балнұр қоғам қайраткерінің өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңірек мағлұмат берді. С.Қожанұлына арнап жазған Т.Шылмамбетовтың «Аққан жұлдыз өзіңді мақтан етем» атты жырын нақышына келтіре жатқа мәнерлеп оқыған Н.Сабырхан көрермен көзайымына айналды. Кеш барысында С.Қожанұлының «Нені айтайын?», «Құйын», «Бұл кім?», «Қайтейін?» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыған оқушыларымыз К.Жамбылқызы Ә.Мәжит, Д. Шаймерден, Ж.Тәңіпрберген кештің шырайын кіргізді.