Тілім менің тіргілімнің тірегі
07.09.2024Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-BOOK» жобасы аясында Қазақстан халықы тілдерінің күніне орай «Тілім менің тіргілімнің тірегі» атты ұшқыр ой алаңы өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Кеште «Тіл — татулық белгісі» атты слайд дайындалып, кітапханашының ұйымдастырумен әдеби кітаптар көрмесі оқушыларға ұсынылды.
Шарада оқушылар қазақ тілін өте жақсы меңгергендігін көрсетті. Шара барысында тілге байланысты мақал-мәтелдер айтып, екі топ сайысқа түсті. Мақал – мәтел сайысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті. Оқушылар ақындардың тіл туралы жаттап келген өлеңдерін ортаға салды. А.Құнанбаев «Сегіз аяқ», Қ.Мырзалиев «Ана тілің-арың бұл», М.Жұмабаев «Қазақ тілі», Ә.Тәжібаев «Ана тілі» атты ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп орындады