Тіл – ұлт рухының алтын қазығы
10.09.2024Түгіскен ауылдық кітапханасында 2024 жылдың 5 қыркүйек күні ауылдық клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «АДАЛ АДАМ» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — BOOK» жобасы аясында 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлт рухының алтын қазығы» атты тақырыптық кеш өтті.
Мақсаты : оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,халқымыздың рухани байлығы – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілінің қасиетін сезінуге, оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат болуға тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, кеш қонақтарын Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтады. Мәдени шараға клуб үйі қызметкерлері мен № 209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептің 6 а сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек Тілдер күні болып белгіленгенін, дәл осы күні ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынүлы дүниеге айтып өтіп, оның шығармашылығы, ағартушылық қызметі, өмірбаяны туралы ақпарат берді. Клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, ана тілін құрметтеу баршамыздың парызымыз, сондықтан қай жерде, қай елде жүрсек те ана тілімізді ұмытпауымыз қажет-деген пікірін білдірді. Шара барысында оқушылар Өсербай Дәурен, Құтымбай Асылбек, Нұржанқызы Айзере, Ақмырзаева Айлиндер М.Мақатаевтың «Үш бақытым», М.Әлімбайдың «Ана тілі», С.Иманасовтың «Тіл», С.Торайғыровтың «Қазақ тілі» өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен бірге оқушылар мақал-мәтелдер айтып жарысты. Кітапханашы ағай қойған сұрақтарға, жұмбақтарға жарыса жауап берді.Оқушылар шара барысында «Тіл – асыл қазына» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен танысты