Тіл — халық пен мәдениеттің жарық жұлдызы

07.09.2024 Выкл. Автор editor
Тіл — халық пен мәдениеттің жарық жұлдызы

А.Сопыбеков атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 2 қыркүйек күні — Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ордакент» жастар және ардагерлер үйінде «Тіл — халық пен мәдениеттің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Мақсаты: оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау

Кітап көрмесінің  бірінші «Тіл  білімінің атасы – Ахмет» атты бөліміне тілдер мерекесі  қазақ  ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының тілі үшін күрескен, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты   болғандықтан  Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері,  екінші «Тіл  ұлттың жаны» атты  бөліміне  М.Серғалиевтің «Тілім менің – тінім менің», «Тіл тағдыры – ел тағдыры,  «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақша үйренейік», «Мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу құралдар және тағы басқа кітаптар оқырмандарға ұсынылды. Кітап көрмесін кітапханашы М.Кадирбергенова таныстырды