Қарттары бар ел — қазыналы ел

01.10.2024 Выкл. Автор editor

Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттары бар ел — қазыналы ел» атты кездесу кеші болып өтті.

Мақсаты: Оқырмандар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт–дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Іс шараға зейнеткелер шақырылды. Қажы  зейнеткер ұстаз Абжаппаров Зайыр ағай, Қошымова Жамила, Нұрлыбаева Сара, Төлеуова Үлпаш апайлар жастарға өздерінің өмірі  мен еңбек жолынан мағлұмат бере отырып, қандай қиын кездерді өткізгенін айтып өтті. Кешке №208 мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Қарттарым – асыл қазынам», Дәуіт Гүлім  «Ағалар туралы», Әбдіразақ Нұрзат «Ақ әжем», Жоламан Нұрғайша «Ақ әжем», Дауит Шапағат «Әкеге арнау»,Сұлтан Арай «Әжеме», Әбілғазы Раяна «Әже» Бердібек Нұрсезім «Ата», Ирзахан Нұршат «Атама»  т.б оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Сонан соң Ергеш Дамирдің  орындауында «Бозторғай ана», «Анашым», «Қариялар азайып бара жатыр» әнін орындаса, Дүйсенбек Ұлдана мен Әбдіш Нұрай  «Ата — әже» т.б  әндер  орындады. Кеш соңында кітапханашы Ш.Әлжан «Қарттары бар ел- қазыналы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына –сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, аман-сау күн кешкей деп сый- сияпат тапсырды.