Халық жүрегіндегі қаламгер

10.10.2024 Выкл. Автор editor
Халық жүрегіндегі қаламгер

10 қазан күні «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-BOOK» жобасы аясында Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай “Халық жүрегіндегі қаламгер» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолы мен шығармаларын кеңінен насихаттау. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолы мен шығармалары жайлы мағлұмат беріп өтті. Қаламы қарымды, қолтаңбасы бөлек Әбдіжәміл Нұрпейісов – әдебиеттің алтын діңгегіне айналған тұлға. Оның әлем назарын аударған «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы абыз» дилогиясы ақылы заман шындығын, Арал теңізі бойын жағалай қоныстанған тұрғындардың өмірін бейнелейді. Шара барысында кеш қонағы Түгіскен балалар өнер мектебінің мұғалімі Г.Шермағанбетова жазушы Ә.Нұрпейісовтің  өмірі мен шығармашылығы жайында естеліктер айтты.  №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта менктептің 7 ә сынып оқушылары кітапханашы дайындаған сұрақтарға жарыса жауап берді. Оқушылар ақын Жүрсін Ерманның  Ә.Нұрпейісовке «Арнау» өлеңін оқыды. Оқушылар Бекмұрат Іңкар, Қожабекова Айша, Құралбай Айғанымдар – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған жері қалай аталады?, Тұңғыш шығармасы қандай?, Курляндия романы туралы, Қан мен тер ненің символы? – деген сұрақтарға жауап берді. Клуб қызметкері М.Жексенбаев жазушының туған жерге, елге арнаған шығармалары туралы тебірене айтып берді. Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды. Кітапханашы А.Көшербаев «Халық жүрегіндегі қаламгер» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды.