Курляндия

12.11.2024 Выкл. Автор editor
Курляндия

12 қараша күні «Адал Адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — ВООK» жобасы аясында Бірлік ауылдық кітапханасында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Курляндия» шығармасынан талдау өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қаламынан шыққан туындыларды жаңа буын өкілдеріне таныстыру. Жастарды парасаттылыққа, өз — ойын еркін жеткізуге баули отырып, ойлау қабілетін арттыру.

Кітапханада кең көлемде «Әдебиет әлемінің абызы» атты кітап көрмесі жасалды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева көпшілікті кітап көрмесімен таныстырып, жазушының туындыларына шолу жасады. Жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы презентация қатысушылардың назарына ұсынылды. Оқушыларымыз сұрапыл соғыстың сұсты суреттері жайлы, яғни өмір мен өлім арпалысқан, ажал аранын ашқан ауыр да қысылшаң сәттерден үзінділер оқыды. №55 мектептің мұғалімі Д.Молдабеков кеңес жауынгерлерінің Тукумс, Джукстэ қалаларын азат ету жолындағы ерлік күрестері, кейін шегінгендегі және бекініске тұрақтағандағы жай-күйлерін айта келе, романның негізгі сюжетіне тоқталды. Қ.Есіркепов  Отанға шын берілген, ер жүрек совет жасы Есейдің бейнесі жайлы толық мағлұмат берді. М.Оспанов  романда әлдеқайда биіктеп, жарқырап көрінген тұлғалар-Денисов, Қожақ, Скориковтардың іс-әрекеттері Отанын, халқын емірене сүйген ердің қолынан ғана келетінін айтып өтті. Қорытынды бөлімде К.Сұлтанбаева «Курляндия» шығармасымен жазушы әдебиетімізге жаңа  образдар әкелгенін, қазақ оқырманын окоп шындығына қанықтырып, жауынгер тірлігінің ағысын, тыныс-лебін тікелей ұрыс шебінен елестеткенін, сондай-ақ роман нағыз отаншыл z сезімге баулитын шығарма екенін атап өтті.