Ән әлемінің өшпес тұлғасы

08.11.2024 Выкл. Автор editor
Ән әлемінің өшпес тұлғасы

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 қараша күні жерлесіміз сазгер,әнші Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 75 жыл толшуына орай «Ән әлемінің өшпес тұлғасы» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті.

Мақсаты: ауданымыздың мақтанышы болған,артында өшпес мұра қалдырған әнші,сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп өтті. Шараны Түгіскен балалар өнер мектебінің мұғалімі Г.Шермағанбетова ашып, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, соңында өлмес рухани мұра қалдырған тамаша талант иесі, дарынды сазгер, әйгілі әнші Бексұлтан Байкенжеевтің шығармашылығы, тағлымға толы адами болмысы туралы естеліктер айтып, өзінің жүрекжарды пікірін білдірді. Әнші Ләззат Қожабаева сазгер Б.Байкенжеевтің «Ақбаян» әнін тебіренте орындады. № 209 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айша Қожабекова ақын Ф.Сахиевтың «Қаратаудың қасиетінен жаралдың ба?» өлеңін жатқа оқыды. Кітапханашы А.Көшербаев 100 –ден аса ән жазған әнші Б.Байкенжеевтің еңбек жолынан сыр шертіп, жерлесіміз аын адырбек Сопыбеков әнші жайлы «Ақбаян», «Сағынтып кеткен Бексұлтан» атты кітап шығарғандығы жөнінде айтты. Клуб үйінің қызметкерлері М.Жексенбаев пен Л.Қожабаевалар «Жеңешем» әнін орындады. Домбыра үйірмесінің Қыздары Ақмырзаева Алина мен Болатхан Ақботалар «Кісен ашқан» күйін орындады. Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев «Ән әлемінің өшпес тұлғасы» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды.