Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді

05.11.2024 Выкл. Автор editor
Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  қараша айының 5-і күні қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты тақырыптық сағат өткізілді.

Мақсаты: жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру.  Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір — қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру. Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік — рухани дүние танымын байыта білуге баулу.

Шара барысында  кітапханашы жазушының тарихы мен өмірбаяны, көркем мұрасы жайлы деректер мен құнды мәліметтермен бөлісті. Қазақ мәдени-ағартушылық және қоғамдық ойының дамуына баға жетпес үлес қосқан жазушының еңбектеріне шолу жасады. Шара соңында оқушылар жазушының өмірбаяны жайлы сұрақтарға жауап беріп, шараға белсене қатысты

5