Көшпелі тәрбие сағаты

20.11.2024 Выкл. Автор editor
Көшпелі тәрбие сағаты

2024 жылдың 20 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханада «Көшпелі тәрбие сағаты» жобасы аясында №55 мектептің мұғалімі Шертай Балнұрмен бірлесіп 10 желтоқсан — Адам құқықтарын қорғау күніне орай «Өз құқығыңды біл» атты тақырыпта құқықтық эстафета өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ой — өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Іс-шара барысында «Балалар құқықтары туралы Конвенция және ҚР заңдары» бойынша мағлұматтар берілді. Шарамыз «Құқығым бар» атты интеллектуалды ойынмен жалғасын тапты. Ойын «Сен білесің бе?», «Бала құқығы туралы не білеміз?», «Қандай ертегі бейнеленген?», «Жалғасын тап» атты 4 турды қамтыды. Ойын  барысында «Аламан» және «Жігер» атты 7 оқушыдан тұратын екі топ өзара сайысқа түсті. Слайдтағы суреттер бойынша әр топ баланың қандай құқығы  туралы айтылып тұрғанын анықтады. Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бала құқықтары туралы Конвенцияның баптары таныстырылды. Оқушыларымыз ертегілерден үзінді оқылғанда Конвенцияда қандай құқығымыз туралы айтылғандығы жөнінде түсінік берді. Сайыс қорытындысы бойынша «Жігер» тобы жеңіске жетті.