08 қаңтар күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Арай-Нұр» бөбекжай балабақшасының «Толағай» тобының бүлдіршіндеріне «Қоян мен қонжық» атты ертегісіне қуыршақтар қойылымы қойылды.
Мақсаты: балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, тіл байлығын арттыру. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, балалардың шығармашылық ынтасын ояту.
Шара барысында кітапханашы әжеміз Мира Базарбайқызы «Жалқау мысық» ертегісін оқып беріп, бүлдіршіндерге ертегі жайлы сұрақтарға жауап алды.
Жұлдыз Ерғарақызы методикалық ойын «Құлпынайлы сан» атты ойын жүргізді. Оның балаларға маңыздылығы балаларға санды танып, санауға үйрету мақсатында ойнатылды.
Шара соңында дайындап алып келген өлең шумақтарын айтып, топтың кішкентай балақайы Абдулла барлығымызға бата берді. Шараға 24 оқырман қатысты.