Туған жердің перзенті

14.01.2025 Выкл. Автор admin
Туған жердің перзенті

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен композитор Нағызхан Жаманбаевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Туған жердің перзенті» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.

      Мақсаты: Нағызхан Жаманбаев жайлы әңгімелеу, оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық, музыкалық білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру. Оқушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

    Шара барысында кітапханашы композитордың өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Композитордың алғашқы тырнақ алды туындысы «Қаракөзайым» әні интербелсенді тақта арқылы оқушыларға тыңдатылды. Оның еңбек жолы жайлы кеңінен айтылды. Қатысқандар саны: 14