17 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасында Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Жырларында жақұт бар жарқыраған» атты тақырыпта поэзия кеші өтті. Іс-шара барысында «Өрнегі әсем қаламгер» атты презентация келушілердің назарына ұсынылды. Іс-шараға №7 «Қызғалдақ» бөбекжайының әдіскері, тәрбиешілер, тұрақты оқырмандар, мектеп оқушылары қатысты. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы қызықты деректер айтылып, өлеңдері мен қағытпа әзілдері және афоризмдері оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды. Атап айтатын болсақ: А.Тұрсынбек «Туған жер туралы толғау», М. Қалдыбек «Бәрі де, ана! », Н. Бекназарова «Домбыра» -атты өлеңдерін мәнерлеп оқыса, клуб қызметкері С.Әбдіғаппаров «Сыған серанадасын» орындап берді. 10 сынып оқушылары «Атамекен» әнін хормен шырқады.
Мақсаты: ақынның артынан қалған мол мұраларды елге, өскелең ұрпаққа насихаттау. Қатысқандар саны: 27