Келінтөбе ауылдық ктапханасының ұйымдастыруымен салт-дәстүрді насихаттауға байланысты «Дәстүр мен ғұрып» атты өнеге сағаты өткізілді.
Мақсаты: салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қазақ халқы ықылым заманнан салт-дәстүрді берік ұстанып, оны өмірінің мәні екендігін насихаттау.
Шара барысында қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай екендігі айтылып, салт-сана сабағы, ырымдар мен тыйымдардың ұлағатты ұл мен инабатты қыз тәрбиелеуде айрықша рөл атқаратыны айтылды. Шараға көпшілік оқырмандар қатыстырылып, «Салт-дәстүрімізді сақтайық» атты кітап көрмесі жасалынып, көрмеге кітапханашы шолу жасады.