Шақан-шері

29.01.2025 Выкл. Автор admin
Шақан-шері

2025 жылдың қаңтар айында Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Шақан-шері» атты романынан оқырмандар конференциясы өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру, насихаттау. Шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар конференциясында кітапханашы Н.Есіркепова жазушы М.Мағауиннің  өмірімен таныстырып, «Шақан-шері» повесін түсіндіріп өтті. Шығарманы одан әрі оқушылар жалғастырды. «Шaқaн-Шерiдегi»жoлбaрыc–еркiндiктiң, тәуелciздiктiң белгici екендігін Әбен Ақбота түсіндірді. «Шaқaн-Шерiдегi» Шaқaнның қaciретi неде? Осы жайында Жанатбек Арай айтты. Шaқaнның ocы қaтiгез қoғaмнaн жaтcынуынaн туғaн cебептері жайында Әмзе Бақдаулет түсіндірді. «Шaқaн-Шерiдегi» Шaқaнның әрекетi жайында Жамалхан Арай айтып өтті. Жaзушының рoмaн coңындa oқиғaғa берген oйы, түйiнi жайында кітапханашы Н.Есіркепова түсінідіріп, қорытындылап өтті