2025 жылдың 29 қаңтары күні Бесарық ауылдық кітапханасында “Әлем-BOOK” жобасы аясында қоғам қайраткері С.Мұқановтың 125 жылдығына орай “Сұлушаш” шығармасын оқырмандармен талдау өткізілді.
Мақсаты: жазушының өмірбаянымен таныстыру, ақынның шығармаларын насихаттау.
Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздік көрген қорлығы, әсіресе адамның бас бостандығы жоқтығы, яғни байдың кедейге не айтса сол болатындығы, екі жастың бір-біріне деген соншалықты махаббаты суреттелген.
Іс-шараға №54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары Нағашыбек Айғаным, Сұлтанғали Айару, Қалдыбекқызы Жәния және Жеңісбек Гүлім поэма жайлы өз пікірлерін білдіріп, поэмадан үзінді оқыды. Шараға 14 адам қатысты.