Кеудесі шын ақынның күй сарайы

19.02.2025 Выкл. Автор editor
Кеудесі шын ақынның күй сарайы

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-ВООК» жобасы аясында ақпан айының 19-ы күні  Қазақстанның халық жазушысы,ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Әртүрлі тақырыпта жазған өлеңдеріне шолу жасау.Тұманбай Молдағалиев поэзиясы арқылы оқушыларда ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаяны мен ұлттық поэзиямызды әлемдік биік деңгейге көтерген, көркемсөз шеберінің  өзгеше бітімі  жайында, әдебиетіміздің алтын қазынасына айналып оқырман жүрегінен жол тапқан шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Оқушылар ақынның шығармашлығы мен өлендері туралы өз пікірлерін жеткізіп, мәнерлеп оқыды. Сұрақтарға жауап берді.

https://www.facebook.com/share/p/1Btnm94thm