Дара жол
08.03.2025
Руханият орталығында А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Байкенже бөлімшесіндегі ауылдық кітапхананың кітапханашысы Нұржамал Қошқарқызының «Дара жол» тақырыбында құрмет-қошеметпен зейнетке шығарып салу мерекелік кеші болып өтті. Кешке Нұржамал анамыздың замандастары, бірге қызметтес болған әріптестері, ұл-қыздары, немерелері келді. Кешті кітапхана директоры Ә. Тилеубергенова ашып, Нұржамал Қошқарқызына алғысын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, кітапхана директорының адресатымен және ұжым атынан сый сияпатын жасады. Кітапханашылар әсем әнмен әрлеп, замандастары керемет естеліктерімен бөлісті. Ұл-қыздары аналарына гүл шоқтарын сыйлап, немерелері әнмен шашу шашты. Кеш соңында сөз алған Нұржамал анамыз барлық әріптестеріне, келген қонақтарға алғысын білдірді.
https://www.facebook.com/share/p/18pViTodSp/

