Қазақ мифологиясының негізін қалаушы

14.03.2025 Выкл. Автор editor
Қазақ мифологиясының негізін қалаушы

14 наурыз күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен географ-этнограф Серікбол Қондыбайұлының туғанына   57 жыл  толуына орай №169 Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ мифологиясының негізін қалаушы» тақырыбында танымдық сағат болып өтті.

Шарада Серікбол Қондыбайұлының өмірі мен қызметіне арналған презентациямен басталды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж.Аюпова қатысушыларға оның қазақ халқының этнографиясы мен географиясы саласындағы зерттеулерінің маңыздылығы туралы айтылды.

Тарих пәнінің мұғалімі А.Ергеш Қондыбайұлының еңбектерін ерекше атап өтіп, оның қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын зерттеудегі үлкен үлесін атап көрсетті. Оның зерттеулерінің қазіргі заманға дейінгі маңыздылығына тоқталды.

Танымдық сағатта қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Оқырмандар мен жастар Серікбол Қондыбайұлының еңбектері мен ғылыми зерттеулеріне қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды.

Мақсаты: С.Қондыбайұлының өмірі туралы, оның мол мұраларын, ғылыми еңбектері мен шығармаларын насихаттау. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, ой-танымдарын кеңейту.

https://www.facebook.com/100013770165823/videos/1277811523323141/