Сан қырлы талант иесі
13.03.2025
2025 жылдың 13 наурыз күні Руханият орталығында Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сан қырлы талант иесі» атты әдеби кеш болып өтті. Шараға №293 мектептің 8 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері және кітапханашылар қатысты.
Шарада қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұлдызай Мұхамбетқали балаларға ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өмір жолы мен шығаршылығымен таныстырып, бейнеролик, слайд арқылы ақынның шығармаларымен таныстырып, ақынның өмір жолынан сұрақ-жауап арқылы ойын ойнатты. 8 сынып оқушылары ақынның «Менің Қазақстаным» атты әніне көрініс қойып, соңында әнұран орындады.
https://www.facebook.com/share/p/19PYDNnz9d/

