Ұлттық киім
18.03.2025
18 наурыз күні Руханият орталығында Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапханада Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндік аясында «Ұлттық киім» күніне орай “Ғасырлар ғұрпының жалғасы әз -Наурыз” атты ұлттық киімдер дефилесі болып өтті. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақтың ұлттық дәстүрлерімен байланысты қасиеттерін насихаттау, ұлттық киімдердің маңыздылығын түсіндіру, жастардың арасында ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ ұлттық киімдердің үлгілерін көрсету арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеу.
Іс-шарада Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызы туралы қысқаша ақпарат берді. Ұлттық киімдер күнінің мақсаты мен негізгі идеялары түсіндірілді. Қатысушыларға құттықтау сөздері айтылды. Іс-шараға қатысушылар ұлттық киімдермен дефиле өткізілді. Әрбір қатысушы өздерінің киім үлгілерін таныстырып, киімдердің тарихы мен ерекшеліктерін айтып өтті. Қазақтың ұлттық киімдеріне, оның ішінде шапан, бөрік, камзол, көйлек, ару ана, жаулық сияқты киімдердің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Олардың киімдерінің түстері мен ою-өрнектері ұлттық мәдениеттің көрінісі ретінде маңызды орын алады.
https://www.facebook.com/share/v/19ABvntJTm/

