Наурыз – нұр шашқан ай
22.03.2025
22 наурыз күні Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – нұр шашқан ай» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін кең көлемде атап өту арқылы салт – дәстүрімізді,әдет – ғұрпымызды,ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Мерекелік шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, Наурыз мейрамының маңыздылығы мен ерекшелігі туралы мағлұмат берді. Мәдени шараны Түгіскен өнер мектебінің бишілері «Қыздар – ай» тобының биімен ашылды.Кешіміздің қадірлі қонақтары «Әз – әжелер» ансамбльінің мүшелері Разия, Алтынай апаларымыз кешке қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап,өздерінің ақ баталарын берді.Шара барысында клуб үйінің қызметкері Л.Қожабаева «Есіңе мені алғайсың» әнін тамылжыта орындады. Оқушылар Өсербай Дарын, Тастанбек Айзере, Шанияр Ақтілектер «Наурыз келді ауылға нарға мініп», «Наурыз – мерекем», «Ұлыстың ұлы күні» өлеңдерін жатқа оқыды. Клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев мерекеге орай өзінің ақ тілегін білдірді.Кітапханашы А.Көшербаев «Ауылым» әнін орындады. Шара барысында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын қазақы салт – дәстүрлеріміз дәріптейтін «Қош келдің әз Наурыз!» тақырыбында кітап көрмесі жасалып,оқырмандарға таныстырылды. Шараға 20 адам қатысты.

