Сейтек сарыны

10.04.2025 Выкл. Автор editor
Сейтек сарыны

2025 жылдың 10 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Бір ел- бір кітап” акциясы аясында ақын, аудармашы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұловтың “Сейтек сарыны” атты кітабынан талдау өткізілді. Шараның мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал ету, кітапханаға оқырмандар тарту. Шара барысында дарабоз суреткердің шығармашылығынан “Қазақ прозасындағы қоңыр күй” атты кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды. «Ұшқын» оқырмандар клубының мүшелері «Сейтек сарыны» повесінің басты кейіпкері Сейтек күйші мен оның шәкірті, домбырашы Сәруар бейнесі жайлы толық мағлұмат беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Кітапхананың тұрақты оқырманы  Б.Әріпбек атақты күйші Сәруардан сұхбат алмақшы болған Дәрмен бейнесі жайлы дерек айтып, шығарма жайлы өз ойын ортаға салды.  Талдау барысында Б.Сырлыбай Т.Әлімқұловтың өнер тақырыбындағы шығармалары әлемдік туындылардың қатарынан орын алғанын атап өтіп, жазушының суреткерлік шеберлігіне тоқталды. Қатысқандар саны:19

\https://www.facebook.com/photo/?fbid=2431097527251190&set=pcb.2431097667251176