Кітапханадағы туған күн

28.04.2025 Выкл. Автор editor
Кітапханадағы туған күн

28 сәуір күні  Жаңақорған  аудандық  балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Ең керемет күн» жобасы аясында, «Кітапханадағы туған күн» айдары бойынша   «Мейірхан» балабақшасының тәрбиеленушісі Ибрагим Жомарттың мерекелік туған күн кеші  өткізілді. Мақсаты: балалардың мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту, туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.

Шараға  «Мейірхан» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі, кітапханашылар қатысты. Балалар туған күн иесіне арналған жақсы тілектер айтып, би биледі, арнайы тәттіден ауыз тиіп, сусындар ішті. Кітапханашы М.Бибасарова балаларға кітапхана қорындағы қызықты кітаптармен таныстырып, балаларды кітап оқуға шақырды. Шараға 15 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02a9sLgVckzCAvhHjvrcpyoehEwMk2i9P51kgFyfc5TeaNaqLa1MwKi9udPrkoNjUJl&id=100010897337199&__cft__[0]=AZVL4qv5tUxdaVRTri3hPA64PJ1YeVXTaOVjjIFYO_zK8x_UphO9Dfy0rIBTHCEHqcPd7ksr3nHB_PxMLtl484aA0AIdes1rCcKsYEudTE0lv6wTLcAmCMrlnqdwMZIdUmRRRjl1sHZoFmRM_9i1U3TKg9XftWmuRrgkCL9dvFosMlLEOX4V47ylhRrjqDE4&__tn__=%2CO%2CP-R