Көрнеткі сөз шебері
28.04.2025
Байкенже ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №193 орта мектебінің кітапхана залында «Әлем-ВООК» жобасы аясында жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ботагөз» романына оқырмандар конференциясын өткізді. Конференцияға 8 сынып оқушалары қатыстырылды. Конференция барысында кітапханашы «Көрнеткі сөз шебері» атты кітап көрмесімен таныстырып өтіп, «Ботагөз» романына қысқаша мазмұн беріп, одан әрі талқылау кезеңі бойынша сұрақтар қойылып талқыланды. Сонымен қатар шығармашылық тапсырмалар беріліп қатысушылар тапсырманы қорғап, өз ойларын ортаға салып конференцияны тартымды етті. Мектеп кітапханашысы С. Даукенова сөз алып оқырмандарға конференцияға қатысқандарына алғыс білдіріп, көпетеп кітап оқуға кеңес беріп қорытындылады.
Конференцияның мақсаты: Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын тереңірек түсіну, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеяларын талқылау, оқырмандарды кітап оқуға шақыру.
Қатысқандар: 12
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2425148214524573&set=pcb.2425148427857885

