Жыр алыбы – Жамбыл
05.05.2025
5 мамыр күні Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен «Daryn scholl» атындағы жеке мектеппен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді.
Кешті кітапханашы Әсем Сағатқызы ашып Ж. Жабаев туралы мәлімет берді. Ақынның өмір жолынан видеоролик қойылып, тақырып кеңінен түсіндірілді. Өмірінің 85 жылын ақындыққа арнаған Жамбыл Жабаев «Сараң мен Жомарт кедей», «Мұғалімдерге сәлем», «Өсиет», «Бұрымға», «Елімнің қыздарына», «Халық қазынасы», «Жеңіс жырын сайраңдар!», атты өлеңдерін оқушылар жатқа айтты. Сондай -ақ Жамбыл мен Айкүміс кейіпінде шыққан оқушылардың айтысы кештің көрігін қыздырды. Кітапханашы Ұлжан Молдабекова «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесін жасап, библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында оқушылар ақынның «Қазақстан тойындf» әнін хормен орындап, ұстазы Н.Төлепберген шараны қортындылады. Шараға 35 адам қатысты. Мақсаты: Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

