Ленинградтық өренім

05.05.2025 Выкл. Автор editor
Ленинградтық өренім

    Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 5-і күні ақын Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» шығармасынан әдеби талдау өткізілді.

Мақсаты: қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің  дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, «Ленинградтық өренім» өлеңінің мазмұны туралы меңгерту. Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ізденіс- шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, өз пікірлерін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Шара барысында кітапханашы Ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына оқушылармен  шолу жасады. «Ленинградтық өренім» өлеңінің мазмұны жайлы айтты. Оқушылармен бірге сатылай кешенді талдау жасады. «Ленинградтық өренім» өлеңінің  шығу тарихын түсіндірді. https://www.facebook.com/share/p/1BwuXUcveU