Ән Жеңістің серігі

09.05.2025 Выкл. Автор editor
Ән Жеңістің серігі

2025 жылдың 6 мамыр күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ән Жеңістің серігі» атты патриоттық әндер байқауы болып өтті.

Байқауға кент ішінен мектептер қатысып, нәтижесінде Бас Жүлдені №286 орта мектеп оқушысы Ертас Гүлімай, жетекшісі Шерімбетова Салтанат қанжығасына байласа, жүлделі 1-орынды №3 мектеп-интернатының оқушысы Анарбекқызы Айкөркем, жетекшісі Шайхысламова Құралай, ал екінші орындарға №163 орта мектеп оқушысы Рүстембек Бақдаулет, жетекшісі Шерова Несіпкүл және №110 мектеп-лицейінің өнерлі шәкірті Қалкөз Аяжан, жетекшісі Уразбекова Гүлсара иеленді. Байқауға төрелік жасаған өнер жолындағы ағалар У. Ибрагимов, М. Дәрібаев және Қоғамдық келісім КММ-нің сарапшысы А. Ильясов мырзалар өз пікірлерін айтып, әділ бағаларын берді. Байқауға қатысушы өнерпаздар кітапхана директорының алғыс хатымен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

Мақсаты: Ұлы Жеңіс күнінің тарихи маңызын ұлықтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттырып, патриоттық рух сіңіру.

https://www.facebook.com/share/p/15PrhsnqtU/