Мәңгілік ұлықталар ұлы Жеңіс
06.05.2025
2025 жылдың 6 мамыр күні Бірлік ауылдық клуб үйінде «Мәңгілік ұлықталар ұлы Жеңіс» атты тарихи кеш өтті. Іс-шарамыз “Ыдырысұлы Әбілпаттал” атындағы Жеңіс саябағында бастау алды. Шараға ауыл әкімі Әскер Мусаев бастаған ел ағалары, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты. С.Қожанов атындағы N55 мектептің оқушылары қаза болғандарға арнап “Тағзым” алаңына салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысушылар елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды еске алып, олардың рухтарына тағзым етті. Іс-шара Бірлік клуб үйінде тарихи кешпен жалғасын тапты. Бірлік ауылдық кітапханасы “Тағзым және даңқ жылы” атты клуб үйінің фойесінде кітап көрмесін жасақтап, келушілер назарына ұсынды. Бірлік халық театры “Соғыс шайқаған шаңырақ”- атты театрландырылған қойылым көрсетті. Ақүйік ауылдық әкімшілігінің бастамасымен биылғы жылы 80 жасқа толған тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп “Ұлы Жеңіске – 80 жыл” атты мерекелік арнайы лента тағылды. Салтанатты шараны ашып берген ауыл әкімі Әскер Мусаев тыл ардагарлері мен Ұлы Жеңіспен қатар 80 жасқа толған ауыл тұрғындарын аудан және ауыл әкімінің алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Мектеп ұжымы Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шарадан соң тыл ардагарлеріне және Ұлы Жеңіспен қатар 80 жасқа толған ауыл тұрғындарына мерекелік дастархан жайылды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2457551637939112&set=pcb.2457551964605746

