Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

06.06.2025 Выкл. Автор editor
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Түгіскен ауылындағы «Рәміздер» аллеясында 2025 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты танымдық сағат өтті.

Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді дәріптеу және дамыту. Балаларымыздың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Шараны № 209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектеп жанынан құрылған «Жас сұңқар» тынығу лагерінің меңгерушісі Б.Шалабаева жүргізді. Бірінші кезекте шараға қатысушылар «Менің Қазақстаным» гимн орындады. Кітапханашы А.Көшербаев пен клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекеттік Рәміздер күнінің ерекшелігіне тоқталып, жас бүлдіршіндерді Рәміздерімізді мақтан тұтып, құрметтеуге шақырды. Оқушылар Нұржанқызы Айзере, Айдарбек Нұршат, Тәліпбай Диас, Сәрсенбай Нұрбах «Менің туым», «Елтаңбаммен мақтанам», «Көк тудың желбірегені», «Әнұраны елімнің» өлеңдерін жатқа оқыды. Шара барысында балаларға ұлттық мақтанышымыз Ту, Елтаңба туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Мемлекеттік Гимннің авторлары жайлы түсіндірілді. Шараға 34 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02yjsjT37swNPCmu97MgPza7fTqHkKP5rjEHHTx6eL93bRK79HcTcjyMWL5pVh3p9Fl&id=100013604642661&__cft__[0]=AZWVzldMaoD3pHJerwoWrtwJQgfIgc8VtklQMI0nBKh8hD3xA8KmNpmMTLx3voMHiJps0AhpU4tRstDTrpfCMKTR2iVn0DbO8v0_RF1goy2xLlWJjzz9blKbwKbxPU10mJJ_G_lo0yepvUs0bGR5sntJi0QMKq0Yaqy6hdefkttNg&__tn__=%2CO%2-R