Періштелердің өлімі
10.06.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасында 2025 жылдың 10 маусым күні клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен «АДАЛ АДАМ» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем – ВООК» жобасы аясында жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың 80 жасқа толуына орай «Періштелердің өлімі» роман – хикаятынан оқырмандар конференциясы өткізілді.
Мақсаты: Жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмірі мен шығармаларын кеңінен насихаттау.Оның шығармаларын оқып, талдау арқылы жастарды тіл мәдениетіне, адалдыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмір жолы мен шығармалары жайлы айтып берді. Арнайы жазушының 80 жасқа толуына жасалған «Қаламы қарымды қаламгер» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды. Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі» шығармасы ондағы «Жылан уы», мен «Сәмбі талдың мұңы» хикаяты бүгінгі күннің шындығын айтып отырып жаныңды сыздатқан жараңа тұз себетін сондай шыншыл да мұңлы шығарма. Оқушылар кітапханашы ағай дайындаған сұрақтарға жарыса жауап берді. Оқушылар Садуақас Нұрсұлу, Төлеген Диас, Абдрашит Қымбат, Бекмұрат Інжу, Құдайберген Әсима, Жарқынбек Асылбек, Мансұр Бибінұрлар шығарманың басты кейіпкерлері Шертай, Шырайлар, Қызылқұмның аптап ыстығыа бауырын қыздырған жыландар ордасына апарып, құдыққа түсіріп, жыланға шақтырғаны,көрген қиындықтары жайлы өз пікірлерін айтып берді. Автор күнкөріс үшін қалаға жұмыс іздеп кеткен Шертай мен Байшұбардың ішіне үңіліп, оларды ажалға айдаған қара кісінің әрекеті арқылы адамның ішкі әлеміне тереңдеп қана қоймайды, адамның құны, қоғамның рухани құрылғысының мәселелеріне көңіл бөледі. «Сәмбі талдың мұңы» хикаяты жайлы клуб үйінің қызметкері Г.Шермағанбетова жақсы баяндап берді. Оқушылар да апайдың қойған сұрақтарына нақты жауап берді. Шығарма кейіпкерлері жан-жақты талқыланды. Шараға 14 адам қатысты.

