Қара сөздің майталман шебері
10.06.2025
Құттықожа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының “Әлем- Book” жобасы аясында Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің 80 жасқа толуына орай «Қара сөздің майталман шебері» атты тақырыпта әдеби сағат өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға көрнекті жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің өмір жолымен шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат беру. Жазушының әңгімелері мен повестеріндегі ұлттық болмыс, адамгершілік мәселелерін талқылай отырып, оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Оқушылар жазушының «Қарлығаштың ұясы», «Туған ауыл түтіні» секілді әңгімелерінен үзінділер оқып, жазушының тіл шеберлігі, кейіпкерлер бейнесі, тәрбиелік мәні жөнінде ой – пікірлерімен бөлісті. Кітапханашы Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармалары қойылған кітап көрмесімен таныстырып, қатысушыларға алғыс айтып, жазушы шығармашылығын насихаттаудың маңыздылығын түсіндіріп шараны қорытындылады. Қатысқандар 17 оқушы.
https://www.facebook.com/share/p/18yiFT7oAW/

