Тұңғиық білім, шешен тіл иесі
28.05.2025
Сопыбеков атындағы кітапханада жазушы, әдебиет зерттеушісі Р.Нұрғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Әлем-ВООК» жобасы аясында «Тұңғиық білім, шешен тіл иесі» тақырыбында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен лекция болып өтті.
Шара барысында қазақ руханиятының өрісін кеңейіткен, әдебиет пен ғылымды ұштастырып, кейінгі ұрпаққа жол сілтеген көрнекті қайраткер, артында ұшан-теңіз ғылыми мұра мен рухани байлық қалдырған Р.Нұрғалиұлының ғылыми және шығармашылық жолы жөнінде кітапханашы З.Садықова кеңінен тоқталып, толығырақ мәлімет берді және оқырмандар қаламгердің кітаптарымен танысып, бір-бірімен пікір алмасты.
Лекцияның мақсаты: әдебиет зерттеушісі Рымғали Нұрғалиевтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, еңбектерін насихаттап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Шараға 32 адам қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1BzbJ9RD6S/

