Кітапханаға кітап сыйла

18.07.2025 Выкл. Автор editor
Кітапханаға кітап сыйла

18 шілде күні Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқырмандарды рухани адамгершілікке баулу, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту.

Ауылымыздың жас маманы Қайрат Мүтан, әкімгершілік қызметкері Танхиев Бек, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Ерболат Рамазан акцияға қатысып, көпшілік оқырмандарға арналған кітаптарды кітапханамызға  сыйға берді. Кітапханашы Уалишерова Раушан оқырмандарымызға алғысын айтып, сыйға берілген кітаптар кітапхана сөресінен орын алатынын, оқырмандарға қол жетімді болатынын айтты.

https://www.facebook.com/share/p/1BuRDqG2xf/