Оқы. Ойлан. Ұсын!

19.07.2025 Выкл. Автор editor
Оқы. Ойлан. Ұсын!

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен “100 кітап” жалпыұлттық сауалнамасы – кітап оқу мәдениетін дамытуға, әдеби мұраны дәріптеуге, түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеп, әдеби құндылықтар жүйесін саралау және әдеби талғам қалыптастыру мақсатында «Оқы. Ойлан. Ұсын!» атты  оқырмандармен сауалнама жүргізілді. Сауалнамада қатысушылар соңғы оқыған кітаптары, сүйікті авторлары, әдеби жанрлар мен шығармалар туралы өз ойларын жазып, болашақта «100 кітап» қатарына қандай кітаптарды енгізу қажеттігін ұсынды.

Сауалнама нәтижесінде оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығы жоғары екені байқалды. Қатысушылардың басым бөлігі балалар әдебиеті мен тарихи шығармаларға қызығатынын көрсетті. Сондай-ақ қазақ классикасы мен заманауи авторларға деген сұраныстың жоғары екені анықталды.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2562615797444973&set=pcb.2562619090777977&locale=ru_RU