Нұрғисаның нұрлы өлеңі

22.07.2025 Выкл. Автор editor
Нұрғисаның нұрлы өлеңі

2025 жылдың 22 шілде күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Әлем- ВООК” жобасы аясында күйші – сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай “Нұрғисаның нұрлы өлеңі” атты өнер сағаты өтті. Мақсаты:  күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай, оның шығармашылығын дәріптеу, ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттау.

Іс-шара жүргізушісі Ш.Әлжан қатысушыларды қарсы алып, Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша шолу жасады. Одан кейін: Ирзахан Ақжүніс «Еркесылқым», Байходжаева Жанерке «Тепең көк» күйін нақышына келтіре орындады.

Сонымен қатар «Өз елім» әні фонограмма арқылы тыңдалды. Оқушылар сазгердің шығармашылығына арналған өлең шумақтарын оқыды. Оқырмандар арасында «Нұрғиса – қазақ даласының үні» атты ой бөлісу сағаты өтті.

Шара барысында қатысушылар Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық музыка өнеріне сіңірген еңбегі туралы жан-жақты мағлұмат алды. Өнер сағаты тәрбиелік, танымдық бағытта өтті.

Қатысқан 16

https://www.facebook.com/photo?fbid=2216651778852300&set=pcb.2216652612185550