Абай әлемі
05.08.2025
2025 жылы 5 тамыз күні Руханият орталығының мәжіліс залында, Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында «Абай әлемі» тақырыбында жастар арасында интеллектуалды сайыс болып өтті.
Білім додасына ауылдық округтер мен аудан орталығынан 6 командадан барлығы 18 білімді жастар қатысты.
Шараны ЖРО басшысы Н.Орынбасаров ашып, сайыстың шарттарын түсіндірді.
Төрт бөлімнен тұратын сайыстың тапсырмалары мен сұрақтары экран бетінде көрсетіліп тұрды, қатысушылар өз таңдаулары бойынша сұрақ таңдап, командалар өз білімдерін көрсетті.
Қызықты да, тартысты өткен сайыстың нәтижесінде «Жалынды жастар» тобы бірінші орынды жеңіп алса, «Руханият жолы» тобы екінші орынға ие болды. Ал, «Ақмешіт жастары» тобы үшінші орында болса, қалған «Ақыл алыптары», «Көшбасшылар», «Зияткерлер» топтары ынталандыру сыйлығына ие болды.
Сайысқа М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің М.Көкенов мектебінің жетекші маманы Уалихан Ибрагимов, ЖРО директоры Наурызбай Орынбасаров және Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Мақпал Марқабай қазылық етті.
Мақсаты: Білім құндылықтарын, зияткерлік дамыту, жастардың көшбасшылығын ілгерілету. Аналитикалық, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Шараға 35 адам қатысты.
https://www.facebook.com/share/v/1CijVdwq8k/

