Ата заң-тәуелсіз елдің тұғыры

25.08.2025 Выкл. Автор editor
Ата заң-тәуелсіз елдің тұғыры

2025 жылдың 25 тамыз күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты «Ата заң-тәуелсіз елдің тұғыры» атты іс-шара болып өтті.

Шараға зиялы қауым, этнос өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер,  жастар, мектеп және ауылдық кітапханашылар қатысты.

Шарада әр оқырманның патриоттық сезімін ояту мақсатында Мемлекеттік ГИМН айтылып, іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы ашып берді.

Тақырыпты ашып беру мақсатында бейнебаян қойылды. Кітапхана директоры шараны жүргізіп, қонақтармен, көрермендермен таныстырды.

Іс-шарамызда сөз алған спикерлеріміз:

-Жәнібеков Ақылбек Дәрібекұлы – «Халықаралық медиацияны  дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы;

-Үсейінова Баян Әлеудинқызы – Жаңақорған тынысы газетінің бас редакторы;

-Назарова Раушан Балғабекқызы  – Жаңақорған ауданының билер кеңесінің төрайымы және Қазақ аналары дәстүрге жол Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған ауданының төрайымы;

-Төлегенов Әбілғазы Берденұлы – Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы;

-Дүйсенбаева Жаннур Наурызханқызы- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмыстар бөлімінің басшысы өз салалары бойынша және қазақ халқының құқықтық дәстүрі сонау орта ғасырдан бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы»  туралы, 1991 жылы Тәуелсіздігімізді жариялаған соң, егемен еліміздің жаңа заңнамалық негізі қажет болғандығын, сол тарихи қажеттіліктен туған 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданғанын және қазіргі таңда Ата Заңымызды қадірлеп қастерлейтін жастардың да атқарып жатқан шараларына кеңінен тоқталды.

Констицияның 30 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеяның    30 жылдығына байланысты ауданымыздағы этнос өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Ата Заңымыз – елдің берекесі мен бірлігінің, теңдігі мен әділетінің кепілі. Конституциямыздың 30 жылдық мерейтойы – әрқайсымыз үшін қастерлі мереке. Оны ардақтау – азаматтық парызымыз.

Шарамызды қорытындылау үшін сөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шалабаева Зульфия Құрманәліқызына беріліп, кітапхана саласының қызметкелерін марапаттап, көпшілік қауымды мерекемен құттықтады.

Тақырыпқа сай кітап көрме жасақталып, кітапханашы З. Садықова таныстырды. Шараны мәдени көркемдеу мақсатында мәден саласының қызметкерлері «Ұлы дала ұланы» әнін Манап Көкенов шығармашылық мектебінің жетекшісі Уали Ибрагимов, «Қазағым» әнім М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері әнші Айдарбек Молдабек, «Алға Қазақ жігіттері» әнін Жайылма ауылдық клуб үйінің сүймелдеушісі  Ыбырайхан Бауыржан Кеңесұлы орындап, көрермендерге ұсынды.

 

https://www.facebook.com/share/v/16n4N5QMvY/