Қаратаудан қанат қаққан қаламгер
15.09.2025
2025 жылдың 15 қыркүйек күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, әдебиет пен журналистика саласында өзіндік жолы бар қаламгер Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл толуына орай «Қаратаудан қанат қаққан қаламгер» тақырыбында еске алу кешімен қатар «Меңсұлу» шығармасы бойынша әдеби талдау болып өтті.
Шара барысында кітапхана директоры А.Тилеубергенова қаламгердің шығармашылығына тоқталып, туындысымен таныстырып, кешті жүргізіп отырды.
Шараға Аудандық Ардагерлер кеңесінің орынбасары П.Айнақожаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, ақын Ф.Сахиев, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған Ауданының құрметті азаматы, ардагер-тілші Е.Қалдыбек, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Алданазар қатысып, сөз өнерін халыққа жеткізген, жастарды тәрбиелеп, қаламгерлік пен журналистикалық саланы тұғырлы тұғырға көтерген қарапайым ықпалды тұлға екенін айтып, естеліктерімен бөлісті.
Жазушының оқырман назарына ұсынып отырған «Меңсұлу» романы Тұмар мен Меңсұлудың бозбала дәуіріндегі алғашқы махаббаты, қызыққа толы студенттік шағы, кейін естияр болған шақтарда да сөнбеген, үмітке айналған аяулы сезімі туралы сыр толғанады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік қасиеттер мен рухани-адамдық келбеттің жаңғыру сипаттары жайлы оқырмандар өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты: Ж.Рахматулланың өмірі мен қаламгерлігін, халыққа сіңірген еңбегін, іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жайлы мағлұмат беру. Асыл ағаның өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі ету. «Меңсұлу» шығармасының мазмұнын меңгерте отырып, әдеби шығарманың құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетіне тәрбиелеу.
Шараға 42 адам қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1YjjCrppJY/

