Латын əліпбиіне көшу-заман талабы

04.10.2018 Выкл. Автор admin
Латын əліпбиіне көшу-заман талабы

4 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасында Елбасының «Рухани жаңғыру»бағдарламасы шеңберінде «Латын əліпбиіне көшу-заман талабы»атты пікір-сайыс өтті. Шара барысында Латын əліпбиіне көшу туралы біраз ақпарат тыңдалды.Оқушылардың назарына ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін қазақ жазуының барлық даму кезеңін қамтитын «Латын əліпбиі-келешектің кілті»атты слайдтық таныстырылым ұсынылды. Кітапханашы слайдқа шолу жасау барысында латын графикасының жаңа нұсқасы туралы мағлұмат берді. Тіл маманы А. Əбжаппаров қазақ жазуында қолданылып келген əліпбилер тарихына шолу жасады. Латын əліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар, пайдалы тұстары қандай, латын əліпбиі бізге не береді?- деген сауалдар төңірегінде қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Шара соңында оқушылар өз есімдерін жаңа əліпбимен жазып көріп, жаңа əліпбиді тез меңгере алатындарын аңғартты.Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын əліпбиіне көшуін қолдайтындарын білдірді.