«Тұңғыш Елбасы — ұлт көшбасшысы» атты портрет кеші

29.11.2018 Выкл. Автор admin
«Тұңғыш Елбасы — ұлт көшбасшысы» атты портрет кеші

Бүгін кітапханамызда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Елбасы — ұлт көшбасшысы» атты портрет кеші болып өтті. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Шара №3 мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жазира Омарова, мектеп кітапханашысы Гүлжаһан Есенбекова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғазиза Бегентаеваның қатысуымен өтті. Шараға қатысушыларды сергіту мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырылып, сұрақ-жауап айдары ойнатылды. Кешке белсене қатысқан оқушылар шара соңында Алғыс хаттармен марапатталды.