Тəуелсіз елдің көшбасшысы
30.11.2018Ғасыр адамы
30 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай «Тəуелсіз елдің көшбасшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында
Елбасымыздың өмірі мен мемлекет басқару ісіндегі ерен еңбегі туралы мағлұмат беріліп, Елбасының өзі жазған туындылармен қатар қоғам қайраткері ретіндегі Елбасының еңбегі,сындарлы саясаты жайлы жазылған кітаптар насихатталды. Жас ұрпақты Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тəрбиелеу мақсатында өткізілген шарада Елбасы жайлы «Тұңғыш Президент» атты слайд көрсетілді.