«Тәуелсіздік тірегім» атты тарихи кеш

11.12.2018 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік тірегім» атты тарихи кеш

Тәуелсіздік күніне орай 2018 жылдың 11 желтоқсан күні  №2 Кенттік кітапханада «Тәуелсіздік тірегім» атты тарихи кеш болып өтті.

Шара барысында кітапханашы «Тәуелсіздік шапағаты» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасап, 4 сынып оқушылары «Қазақ жастары» атты әнін орындап, «Тұтқындағы Қайрат» атты көрініс, «Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы»,  «Желтоқсан», «Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді», «Тәуелсіздік», «Желтоқсан боздақтары», атты өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Шараға 27 оқырман қатысты.