«Елбасы – ұлт мақтанышы» атты әдеби сазды кеш

30.11.2018 Выкл. Автор admin
«Елбасы – ұлт мақтанышы» атты әдеби сазды кеш

Түгіскен ауылдық кітапханасында 2018 жылдың  30 қараша күні 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елбасы – ұлт мақтанышы» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке 8 сынып оқушылар қатысты. Мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп балаларды отанын, халқын, жерін сүюге, патриотыққа тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы «Ел тірегі — Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, әнұранымен басталды.  Оқушылар отан, туған жер туралы өлең жолдарын оқып, «Алға Қазақстан» әнін орындап, көрініс көрсетті.