«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыптық кеш
30.11.201830 қараша күні 1 желтоқсан — ҚР-ның тұңғыш Президенті күніне орай Кейден ауылдық кітапханасы мен №208 қазақ орта мектеппен бірлесе отырып «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиеттерін, тұлғалық тұғырын түсіндіру;Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру; ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Шара барысында кітапханашы «Мемлекеттің негізін салған тұңғыш Президент» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқушылар «Менің Қазақстаным», «Қазақстан», «Елтірегі-Елбасы», «Елім деп соғады жүрегім» «Сыр елі» «Қазақстан алға», «Көңілді күн» әндер шырқап, көрніс көрсетті. Шараға 23 адам қатысты.