«Ағалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты кездесу кеші
08.02.2019
8 ақпан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №163 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығырылғанына 30 жыл толуына орай «Ағалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: тарих қоржынынң бір бөлігі болатын Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп, мәлімет алу. Ержүрек ағаларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету.