Кітап оқу — мәдениеттің ең биік шыңы

06.02.2019 Выкл. Автор admin
Кітап оқу — мәдениеттің ең биік шыңы

6 ақпан күні Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кент орталығында орналасқан көше кітапханасының ашылу салтанаты өтті

Шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Б. Мырзахметова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Айдосова және кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты.

Шараға жиылғандар мұндай жобаның өңірде жүзеге асқанына өз ризашылықтарын жеткізді.  Алдағы уақытта оқырманның сұранысына орай кітапхана санын көбейту жоспарда бар. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді.