«Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы» ақпараттық сағат

18.01.2019 Выкл. Автор admin
«Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы»  ақпараттық сағат

2019 жылы 18 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасында  Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына байланысты «Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы» — атты ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру.