«Өз жеріңді танып біл!» танымдық ойыны

24.01.2019 Выкл. Автор admin
«Өз жеріңді танып біл!»  танымдық ойыны

2019 жылдың 24 қаңтар айында Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  №223 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Өз жеріңді танып біл!» атты танымдық ойыны өтті.

Шараның мақсаты: Елбасының ауылды дамыту мақсатында ұсынылған жобаны насихаттау, оқушыларды өз туып өскен жерін сүюге, құрметтеуге баулу, еліне, жеріне қызмет етуге қызығушылығын арттыру. Шара барысында кітапханашы топты екіге бөліп, жарыс ережесімен таныстырып өтті. 1 топ «Білімділер» тобы, 2 топ «Алғырлар» тобы болып бөлініп, Таныстыру, «Жер тарихы – Ел тарихы», «Аударыспақ» мақал-мәтел,  «Жедел жауап» атты сұрақтарға жауап беріп, әділ қазылар алқасының шешімімен «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. «Ауыл – Ел бесігі» атты кітап көрмесімен таныстырды.