«Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты әдеби жыр кеші

21.02.2019 Выкл. Автор admin
«Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты әдеби жыр кеші

2019 жылдың 21 ақпан айында Төменарық ауылдық  кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыр дүлділі Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін оқуға арналған  «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» атты әдеби жыр кешін ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаев туралы мағлұмат  беру, дарынды жерлес ақынымыздың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, отаншылдыққа, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.